Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Былтыр eOtinish платформасы арқылы 5 миллионнан астам өтініш қабылданды. 2024 жылмен салыстырғанда көрсеткіш шамамен 1 миллионға артқан. Ал 2022 жылдан бері өтініштер үш есеге жуық көбейген.
Жеке тұлғалардан түскен өтініш саны бойынша Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстары көш бастап тұр.
Жүйе мемлекет пен халық арасындағы цифрлық диалог құралына айналып отыр. Платформа 2022 жылғы 1 шілдеден бастап іске қосылған. Қазір отандастарымыз мәселесін айту үшін бұрынғыдай мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге барып уақыт жоғалтпайды. Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайда қоғамда өзгерістер жасаған кезде халықпен тиімді байланыс орнату аса маңызды екенін атап өткен болатын. «Азаматтардың өтініштеріне қатысты жүйелі жұмыс жүргізу халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар болып, олардың талап-тілегіне уақтылы жауап беруге жол ашады», - деді Президент.