e Qyzmet БҰҰ да таныстырылды

08.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алғаш рет ұйым­дас­ты­рылып отырған сам­мит Женевадағы «дид­житал апта» аясында өтіп жатыр. Дархан Жазықбай «ЖИ саласындағы алшақтықтарды еңсеру: әлеуетті арттыру, қол­же­тім­ділік және цифрлық негіздер» (Bridging AI Divides: Capacity-Building, Access and Digital Foundations) атты сессиясына арнайы қатысып, сөз сөйледі.

Жасанды интеллект қоғам өмірінің барлық саласына қар­қын­мен ене бастады. Оның әлеуетін адам ресурстарын басқаруда, мем­лекеттік қызметке іріктеу мен өткеруде тиімді пайдалана білу қажет. Осы орайда агенттік төрағасы мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа технологияларды тиімді әрі жауапты пайдалану дайындығына тоқталды. Оның айтуынша, азаматтардың жасанды интеллектіге деген сенімі алгоритмдерден емес, мемлекеттің шешімдерді қаншалықты әділ, ашық әрі есепті түрде қабыл­дай­ты­нынан басталады.

Еліміздің нақты тәжірибесі ретінде Дархан Жазықбай мем­лекеттік қызметті цифрлық трансформациялау нәтижелерін таныстырды. Бүгінде e-Qyzmet цифрлық HR-платформасы 80 мыңнан астам мемлекеттік қызметшіні біріктіріп, 400-ден астам цифрлық HR-процесті қамтиды. Платформа 100-ден астам мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграцияланған. Мем­лекеттік қызметке іріктеу кон­курстары толықтай онлайн форматта небәрі 5-7 жұмыс күні ішінде өткізіліп, ашық, бәсе­ке­лі әрі объективті іріктеуді қам­та­ма­сыз етеді.

Еліміз мемлекеттік басқаруда Integrity by Design қағидатын басшылыққа алады. Үміткерлердің анонимді деректерін пайдалану, бірыңғай бағалау жүйесі, рейтингтердің автоматты түрде қалыптастырылуы және әрбір шешімнің цифрлық ізінің сақталуы субъективтілік пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бүгінде агенттік кадрлық деректерді талдау кезінде жасанды интеллект технологияларын қол­данып, болжамды кадрлық жос­парлау мен мемлекеттік функ­цияларға аудит жүргізу бағы­тын­да жұмыс істеп жатыр. Мем­лекеттік секторда жасанды ин­тел­лектіні енгізу қол­же­тімділік, ада­ми бақылау және есептілік қағи­даттарына негіз­делген.

«Жасанды интеллект шешім қабылдауға көмектесе алады, бірақ ол адамның жауапкершілігін алмастырмауға тиіс. Түптеп келгенде, мәселе технологияның мемлекетті өзгерте алатынын­да емес, мемлекеттің осы техно­ло­гия­ларға қандай құнды­лық­тар енгізетінінде жатыр. Қазақстан ашықтық пен тең мүмкіндіктер қағидатын ұстанады және осы бағыттағы тәжірибесімен бөлісуге дайын», деді Д.Жазықбай.

Айта кету керек, елімізде жасан­ды интеллектіні дамыту мем­лекеттік саясаттың басым бағы­тының біріне айналды. Осы тұрғыда заңнамалық негізді жетілдіру, цифрлық инфра­құрылымды дамыту мен мемле­кеттік қызметтерге интеллек­туалды шешімдерді енгізу жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Оған қоса, цифрландыру бағытында жинақтаған тәжіри­бесін халықаралық деңгейде бөлісуді де жалғастырып жатыр. Мәселен, мемлекеттік қызметтегі цифрлық HR шешімдері мен инновациялық тәжірибесі әлемдік деңгейде жоғары баға­ланады. Бұл – еліміздің ин­новациялық әлеуетін танытып қана қоймай, жасанды интел­лектіні жауапты қолдануға негіз­делген заманауи мемлекеттік бас­қару моделін қалыптастыруға ықпал етеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью