Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Павел Маевский Түркия арқылы Ақтөбе қаласына жетті. Мұнда Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласына барып, полиция бөлімінің қызметкері шетелдікті Сағашилі ауылына жеткізді. Сөйтіп былтыр жазда қалдырып кеткен көлігін алды.
Фото: Павел МаевскийФото: Павел Маевский- Сағашилі ауылындағы механикпен арада байланыс орнады. Наурыз айында Ақтөбе қаласына келіп, көлікті алып кетуді жоспарладым. Өзге елге, қалаға келген кезде қиындық тумас үшін Kazinform агенттігінің тілшісінен көмек сұрадым, олар келісіп, қол ұшын берді. Келісім бойынша Ақтөбе қаласының әуежайынан күтіп алып, Қандыағаш қаласына жолға шықтым. Мұнда мені полиция қызметкері қарсы алып, Сағашилі ауылына жеткізді. Механиктен көлікті алып кеттім. Көлік жүріп тұрғанымен, кейбір ұсақ-түйек бөлшектері болмады, кейбірі ұрланып кеткен екен. Сонымен бірге жолда қиындықтар да болды. Бүгінде бәрі де артта қалып, мен Польшаға жеттім. Көлікті күрделі жөндеуден өткізіп, келер жылы тағы да қайырымдылық экспедициясына шығуды жоспарлап отырмын. Жолда кездескен кедергілерге қарамастан Қазақстан азаматтары ақкөңіл, қонақжай екенін білдім. Мен бұл елге қайта оралатыныма сенімдімін әрі көмектескен жандарға алғыс айтамын. Мұнда шетелдіктерге, туристерге ереше ықылас көрсетеді,- деді Павел Маевский.
Оның айтуынша, Kazinform агенттігі көлікті ЕАЭО елдерінен алып шығуға көмектесті. Енді ол кез келген уақытта қайта келе алады әрі ешқандай да кеден салығын төлемейді. Павел Маевский Қазақстан территориясында көлігін тағы бір жөндеп, Ресейге өтеді. Мұнда жаңа аккумулятор салып, Грузия, Түркия елдері арқылы Румынияға барады. Кейін Польшаның Краков қаласына аялдап, үйіне жетті.
Еске салсақ, өзін Павел Маевский деп таныстырған шетелдік Kazinform редакциясының электронды поштасына хат жолдады.
Фото: Павел МаевскийАйтуынша, науқас балалардың еміне ақша жинау үшін 2025 жылы қайырымдылық марафонына аттанған. ЕАЭО территориясына Қырғызстан арқылы кірген шетелдіктің көлігі Ақтөбе жеріндегі Сағашилі ауылы маңына келгенде бұзылып қалады. Онда көлікті механикке тапсырып, қайта келуге уәде етеді. Алайда механиктің байланыс нөмірі қате жазылып, байланыс үзілген.