Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. ЕАЭО-да роуминг тарифтерінің төмендеуі операторлар кірістерінің артуына әкелді. Бұл жөнінде Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ) аясында өткен байланыс саласындағы аймақтық достастық тақырыбындағы панельде Sputnik тілшісіне хабарлады.
Ол роуминг тарифтері қазір ішкі тарифтерге мүмкіндігінше жақын екенін және қызметтердің құны он еседен астам төмендегенін айтты. Сонымен қатар операторлардың кірістері төмендеген жоқ.
"Роумингтен түсетін кірістерге келетін болсақ, операторлар өте оң әсерді байқады, яғни бұл нарықтың кеңеюіне және адамдардың роумингтік байланысты белсендірек пайдалануына байланысты. Операторлардың пайдасы шамамен 17%-ға өсті", - деді Максим Ермолович.