ЕАЭО елдерінен әкелінген карантиндік өнімдер бойынша 121 заң бұзушылық анықталды

09.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Жыл басынан бері ЕАЭО елдерінен әкелінген карантиндік өнімдер бойынша 121 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.

2026 жылғы қаңтар айында мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден Қазақстан аумағына карантиндік өнімдерді әкелу кезінде өсімдік карантині саласында 121 заң бұзушылық анықтады.

Карантиндік фитосанитариялық тексеру жүргізу барысында белгіленген фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмейтін карантиндік өнімдерді әкелу деректерінің жолы кесілді.

Негізгі себептері фитосанитариялық сертификаттың болмауы, ұсынылған құжаттардың талапқа сай келмеуі, таңбалаудың жоқтығы, сондай-ақ өнімді қайталама тексеруге ұсынбау.

"Нақтылап айтқанда, 85 оқиға бойынша карантиндік өнім қайталама тексеруге ұсынылмаған, 11 дерек бойынша фитосанитариялық талаптар бұзылған, сондай-ақ фитосанитариялық сертификат талапқа сай емес, сонымен қатар, карантиндік нысандар анықталды және өзге де заңбұзушылықтар тіркелді", - деп жазылған хабарламада.

Заңды талапты бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью