Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндік берілетінін хабарлады.
Жақын уақытта бизнес агроөнеркәсіп кешені саласындағы кооперациялық жобаларға қаржылық қолдау ала алады. 2025 жылдың соңында еуразиялық "бестік" елдерінің үкіметі тиісті тапсырма алған болатын. Бұл шара бизнеске жаңа серіктестер табуға және аграрлық өнімнің өткізу нарықтарын кеңейтуге мүмкіндік береді.
"Кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау тетігін агроөнеркәсіп кешеніне енгізу туралы шешім несиелер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені одақ бюджеті қаражаты есебінен негізгі мөлшерлеме деңгейінде субсидиялауды көздейді", – деп хабарлады ЕЭК-тің агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян.
Төрт негізгі бағыт бойынша қолдау көрсетіледі, олар:
тұқым шаруашылығы;
мал шаруашылығы;
өнімді қайта өңдеу;
агрологистика.
ЕЭК мәліметінше, мемлекетішілік рәсімдер жедел аяқталған жағдайда бұл тетік 2027 жылы іске қосылады.