ЕАЭО ға сырттан энергия ресурстарын импорттаудың қажеті жоқ министр

06.08.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. ЕАЭО-ның әлемдегі басқа өңірлік бірлестіктерден айырмашылығы, өзіне жеткілікті энергетикалық базасы бар. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Қожошев мәлімдеді.

© Пресс-служба ЕЭКЕЭК министрі Арзыбек Қожошев VIII Қырғыз-Ресей экономикалық форумы аясында өткен сессияда сөз сөйледі.

ЕЭК министрі Арзыбек Қожошев VIII Қырғыз-Ресей экономикалық форумы аясында өткен сессияда сөз сөйледі.

© Пресс-служба ЕЭК

VIII Қырғызстан-Ресей экономикалық форумы аясындағы сессиялардың бірінде сөз сөйлеген министрдің айтуынша, одаққа мүше бес мемлекетке:

табиғи газдың әлемдік қоры мен өндірісінің 20%-ы;

көмірдің әлемдік қорының 20%-ы;

мұнайдың әлемдік қорының 7%-ы және өндірісінің 15%-ы;

әлемдік электр энергиясы өндірісінің шамамен 5%-ы;

уранның әлемдік қорының 21%-ы және өндірісінің 43%-ы тиесілі.

Сонымен қатар ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өндірісінде отын-энергетика кешенінің үлесі 30%-дан асады.

"Одаққа негізгі энергия ресурстарын сырттан импорттаудың қажеті жоқ. Басты міндет – энергия ресурстарын өз ішінде тиімді бөлудің тетіктерін қалыптастыру", – деді ЕЭК министрі.

Қожошевтің айтуынша, ЕАЭО-ның ортақ электр энергиясы, мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын құру осы міндетті шешуге бағытталған. Олар алдағы бірнеше жылда іске қосылады деп болжанған. Бұл Одақ кеңістігіндегі барлық шаруашылық субъектісіне энергия ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс.

© Пресс-служба ЕЭКЕЭК министрі Арзыбек Қожошев VIII Қырғыз-Ресей экономикалық форумы аясында өткен сессияда сөз сөйледі.

ЕЭК министрі Арзыбек Қожошев VIII Қырғыз-Ресей экономикалық форумы аясында өткен сессияда сөз сөйледі.

© Пресс-служба ЕЭК

Жалпы алғанда, соңғы айлар жаһандық энергетикалық нарықтың осал екенін айқын көрсетті. Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі мұнай бағасының күрт өсуіне алып келді. Бұған дейін мұндай жағдай COVID-19 пандемиясы, геосаяси дағдарыс және 2025 жылғы сауда соғыстары кезінде болған.

ЕЭК министрінің айтуынша, Орталық Азия өңірі жаһандық энергетика нарығындағы тұрақсыздықтың әсерін ерекше сезініп отыр. Өйткені маусымдық ерекшеліктер қыста электр энергиясының айтарлықтай тапшылығына әкеледі, ал мұнай өнімдері мен табиғи газға деген сұраныстың басым бөлігі сырттан жеткізілетін ресурстар есебінен өтеледі.

© Пресс-служба ЕЭКЕЭК министрі Арзыбек Қожошев VIII Қырғыз-Ресей экономикалық форумы аясында өткен сессияда сөз сөйледі.

ЕЭК министрі Арзыбек Қожошев VIII Қырғыз-Ресей экономикалық форумы аясында өткен сессияда сөз сөйледі.

© Пресс-служба ЕЭК

Министр көлік саласына да тоқталды. Қожошевтің айтуынша, жаһандық жеткізу тізбектерінің өзгеруі және сауданың теңізден құрлық бағыттарына ойысуы аясында ЕАЭО мен Орталық Азия өздерінің географиялық орналасуы мен транзиттік әлеуетінің арқасында Еуразияның жаңа көлік жүйесінің негізгі буынына айнала алады.

"Негізгі теңіз бағыттарындағы дағдарыстар әлемдік сауданы құрлық бағыттарына қайта бағдарлап отыр. Ал ЕАЭО болжамды әкімшілік рәсімдер мен көлік саласын үйлестіре дамыту арқылы жаһандық нарыққа сенімді балама ұсынады", – деді ЕЭК министрі.

Қазіргі жағдайда тиімді логистиканы дамыту үшін не қажет екеніне тоқталған Арзыбек Қожошев цифрландырудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық автомобиль тасымалдарында e-CMR электронды жүкқұжатын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру, сондай-ақ заңнаманы одан әрі үйлестіру мен біріздендіру маңызды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью