Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттік сатып алуға кіретін тауарлар тізімін кеңейтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Пестицидтер, компьютерлер және шайыр арнайы бақылауға алынбақ.
ЕЭК кеңесі өнімдердің шыққан елін анықтау ережелеріне түзетулерді мақұлдады.
"15 сәуірден бастап бизнес Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне 30-дан астам жаңа тауарды енгізе алады", - деп жазылған ЕАЭО хабарламасында.
Тізімге отын қоспалары, полиэтиленнің арнайы түрлері, генераторлар, сату терминалдары және мониторлар да кіреді.