Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 22 желтоқсан - Sputnik. ЕАЭО мен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қойылды.
Құжат Санкт-Петербургтегі ЕАЭО саммитінде бекітілді.
Еркін сауда режимі ЕАЭО мен Индонезия арасындағы өзара сауданың шамамен 95%-ын және тауарлардың 90%-дан астамын қамтиды.
Яғни, Қазақстан "Еуразиялық бестіктің" мүшесі ретінде экспорттық баж салығы бойынша үнемдей алады.
Еске салайық, Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысында ЕАЭО елдерінің көшбасшылары Одақтың 2026 жылға арналған мақсаттарын талқылады.
Тоқаев кеңейтілген құрамдағы кездесуде ЕАЭО құрылғаннан бері Одаққа өзара тікелей инвестициялар 20 миллиард доллардан асқанын, ал Қазақстанға салынған инвестициялар шамамен жеті есеге өскенін айтты.