Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен Моңғолия арасында жасалған сауда келісімі күшіне енгеннен кейін тараптар 367 тауар позициясы бойынша кедендік баж салығын төмендетеді немесе толықтай алып тастайды.
"Моңғолиямен ынтымақтастықта біз практикалық кезеңге өтіп жатырмыз. Бұл келісім қолданбалы, бизнеске бағытталған сипатқа ие. Оның басты мақсаты – өзара сауданы жеңілдету және арзандату, кәсіпкерлер үшін барынша қолайлы жағдай жасау, іскерлік байланыстарды кеңейтуді ынталандыру", – деп атап өтті ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев.
ЕАЭО елдері мен Моңғолияның кәсіпкерлері бір-бірінің нарығына жеңілдіктермен, яғни бұрынғыдан оңай әрі тиімді шарттармен кіре алады. Құжат өзара іс-қимылдың заманауи форматтарын, соның ішінде цифрлық коммуникацияларды қамтиды, бұл әсіресе шағын және орта бизнес компаниялары үшін маңызды.
"Еуразиялық экономикалық комиссия Моңғолияның іскерлік топтарымен тікелей диалогқа ашық. Біз бұл келісімнің нақты жұмыс істейтін құралға айналуына мүдделіміз", – деп түйіндеді Сағынтаев.
Семинарға қатысушылар ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі өзара сауданы, іскерлік кооперацияны кеңейтуге және бизнестің жаңа нарықтарға шығуына жәрдемдесетін сенімді платформа болады деген ортақ пікірге келді.