Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев Мәскеуде өткен жыл сайынғы "Интеграция" халықаралық форумында сөз сөйледі.
© Photo : Пресс-служба ЕЭКЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев "Интеграция" халықаралық форумында сөз сөйледі
ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев "Интеграция" халықаралық форумында сөз сөйледі
© Photo : Пресс-служба ЕЭК
Іс-шарада ол көлік-логистикалық инфрақұрылымның ЕАЭО елдерін тұрақты дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.
"Жаһандық реттеу жүйесінің трансформациясы және турбуленттіліктің артуы жағдайында көлік өндіріс пен тұтыну арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ету факторы болып қала береді. ЕАЭО-дағы мұндай көлік байланысы біздің елдеріміз үшін айқын бәсекелік артықшылыққа айналып отыр", - деп атап өтті Арзыбек Қожошев.
Одақтағы интеграциялық процестердің оң әсер бергенін статистика растайды. 2024 жылдың соңына қарай барлық көлік түрінің жүк айналымы 6,2 триллион тонна-километрге дейін өсті, ал жолаушылар айналымы 7,1%-ға өсіп, 652,1 миллиард жолаушы-километрге жетті.
"Көлік инфрақұрылымын дамыта отырып, біз жаңа технологиялар саласында прогреске мүмкіндік беремеміз, халықаралық сауда жағдайын жақсартамыз және БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына толық сай боламыз", – деп атап көрсетті министр.