ЕАЭО құрылыс жол машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың үздік бағыттарын анықтады

19.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде құрылыс-жол машина жасау саласында өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттары айқындалды, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

"Атап айтқанда, құрылыс-жол техникасын баламалы энергия көздерін (газмоторлық отын, электр энергиясы, сутегі) пайдалана отырып өндіру, Одақ мемлекеттерінде өндірілетін құрылыс-жол техникасына арналған тораптар мен құрамдас бөлшектердің сапасын арттыруды ынталандыру, құрылыс-жол машина жасау саласында кері инжинирингті дамыту көзделеді", – делінген хабарламада.

Бұл шаралар ЕАЭО елдерінде құрылыс-жол машина жасау саласын дамыту үшін қажетті қадамдарды жүйелеуге, сондай-ақ осы саладағы кооперациялық өзара іс-қимылды күшейтуге жағдай жасайды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью