ЕАЭО тауар өндірушілеріне жаһандық оңтүстік нарықтарына жол ашылады

04.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ тауар өндірушілерге жаһандық оңтүстіктің ірі нарықтарына шығуға жағдай жасайды, деп мәлімдеді Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук.

Ол Санкт-Петербург экономикалық форумының "Турбулентті уақыттағы сауда" сессиясында сөз сөйледі.

"ЕАЭО-ға мүше бес елдің ортақ ұстанымы бар және ол – еркін сауда аймақтарын кеңейту. Біз тауар өндірушілерімізге жаһандық оңтүстіктің үлкен нарықтарына шығуға жағдай жасауға тырысамыз", - деді Оверчук.

Оның сөзінше, бұл бағыттағы ынтымақтастық Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Моңғолия және Вьетнам сияқты елдермен сауданы дамытуға бағытталған.

Айта кетері, Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы 3-5 маусым аралығында өтеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью