ЕАЭО жеңіл өнеркәсіп тауарларына импорттық бажды арттырады

23.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі импорт көлемі ұлғайып, сонымен бірге импорттық бағалары айтарлықтай төмендеген тауарларға қатысты импорттық кедендік баж мөлшерлемелерін арттыру туралы шешім қабылдады.
Комиссияның хабарлауынша, мөлшерлемелердің Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) аясындағы міндеттемелермен белгіленген деңгейге дейін көтерілуі, басқалармен қатар, жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне, электрониканың кейбір түрлеріне және жабу арматурасына (құбыр өткізгіш арматурасына) қатысты болмақ.

"Бұл шара Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі қолданыстағы өндірістік қуаттарды қорғауға, жұмыс орындарын сақтап қалуға, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация мен импортты алмастыруды дамытуға бағытталған", – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді және 2027 жылдың қыркүйек айының соңына дейін қолданыста болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью