ЕАЭО: жүк әуе кемелеріне 12 жылдық бажсыз режим енгізілді

28.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды.

Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша «Азаматтық қорғанысқа және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентті қолдану жөніндегі өтпелі ережелерді ұзарту мәселесі талқыланды.

— Қазақстан ЕЭК Кеңесінде транзиттік мультимодальдық хабты дамыту шеңберінде жүк әуе кемелерін кедендік баждан және салықтан босату мәселесін көтерді. Ұсынысқа қолдау жасалып, енді бажсыз режим 12 жыл бойы қолданылады. Бұл қазақстандық авиатасымалдаушыларға жүк флотын жаңарту және пайдалану кезінде қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп (ЕТТ ЕАЭО кедендік әкелу бажының қолданыстағы ставкасы ұшаққа қатысты 7,5% және 12,5%), техника алуға жеңілдікпен қатты келісімшарт жасауға мүмкіндік береді. Жүк әуе паркінің болжамды сұранысы — 130 әуе кемесі, — делінген хабарламада.

ЕЭК Кеңесі сондай-ақ ЕАЭО кейбір елдері, оның ішінде Қазақстан үшін де жарықдиодты модульдер әкелуді импорттық баждан босатуды мақұлдады. Шара ЕАЭО ішіндегі өнеркәсіптік кооперацияны ынталандыруға және жарық диодты шамды өндіру кезінде импорттық жиынтықтауышты пайдаланудың ашықтығын арттыруға бағытталған.

Құрылыс материалдарын (гипс, цемент, ерітінділер және т. б.), бояу өнімін, балаларға арналған кейбір ойыншықтар мен ойындарды (скутерлер, педальды автомобильдер, қуыршақ арбалары, қуыршақтар, электр жарыс автомобильі жиынтығы, үстел ойындары және т. б.), еритін және қайнатылатын сусындарды (шай, кофе, какао және т. б.) міндетті түрде таңбалау туралы шешім қабылданды.

Фото: ҚР Үкіметі

Еске салсақ, әрбір мемлекет бизнеспен талқылаудан және инфрақұрылымның дайындығын талдаудан кейін ғана оны енгізу мерзімі мен тетігі туралы шешімді дербес қабылдайды.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу мақсаты үшін Тауардың шығарылған елін айқындау қағидасына өзгеріс енгізілді. Өзгерістің негізгі мақсаты — мүше мемлекеттер өндірушілерінің ЕАЭО шеңберінде мемлекеттік сатып алу нарығына кедергісіз қол жеткізуі.

Атап айтқанда, талшықты-оптикалық кабель өндірісіне қойылатын талаптар белгіленіп, сондай-ақ СТ-1 сертификаты арқылы қатысу үшін тауар тізбесі толықтырылды. Сондай-ақ СТ-1 сертификатымен шығарылғанын растайтын тауар тізімі кеңейтілді. Оған синтетикалық талшықтан жасалған арқан және арқан бұйымдары, сондай-ақ медициналық емес рентгендік тексеру қондырғылары және бұзбайтын бақылау жүйелері кіреді.

Қабылданған шешімдер аталған тауар өндірушілерге өз өнімін өнеркәсіптік өнімнің Еуразиялық тізіліміне енгізуге және Одақ елдерінің нарығына қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы энергетика, табиғи монополины реттеу, қаржы нарығы, мемлекеттік сатып алу, кедендік реттеу, кедендік-тарифтік реттеу, техникалық реттеу саласындағы интеграциялық үдерістерді дамытуға арналған мәселелер қаралды.

Бұдан бұрын Серік Жұманғарин биыл экономикалық өсім 5-5,5% деңгейінде қалыптасуы мүмкін екенін айтты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью