Еділ өзеніндегі су азайып барады

25.12.2025

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жайықты айтқанда Еділ де еске түседі. Ресейдегі бұл өзенге алаңдайтын себебіміз Каспийді толтырып отырған осы. Көлге судың 85-86 пайызы Еділден келеді. Алайда кейінгі бес жылда өзен деңгейі айтарлықтай төмендеді. Кей жерінде кеме жүзу қиындаған.

Ендігі қауіп қарт Каспий де Аралдың тағдырын қайталамай ма деген қауіп басым. Бұған ресейлік сарапшылар не дейді? 

Талай ғасыр ақындардың өлеңіне арқау болған, Ресейдің басты нышанының бірі Еділ өзенінің суы азайып барады. Кейінгі бірнеше жыл ішінде оның деңгейі едәуір төмендеген. Өзеннің таяздануынан бөлек, ластануы да басты мәселеге айналған. Соның әсерінен балық қорының азаю қаупі бар. Өзеннің арнасы 15 өңір арқылы өтеді. Онда тұратын 60 миллион адамның тіршілігі тікелей Еділге байланған. Өзен аймақ экономикасының негізгі көзі. Шамамен 11 ірі Гидроэнергетикалық станция жұмыс істейді. 

Михаил Болгов, су тасқыны және су ресурстарын пайдалану жөніндегі маман:

- Теория бойынша жаһандық жылыну жауын-шашынның көбеюімен қатар жүруі тиіс. Жаңбыр мұхиттан буланып, құрлыққа түседі. Алайда біз мұны байқап отырған жоқпыз. Қазірде Еділ өзенінде су азаю кезеңі байқалады, бірақ бұл бірнеше жыл ғана тіркеліп отырған құбылыс. Оның себептері әртүрлі. Сондықтан Еділдің және басқа да өзендердің суы апатты деңгейде азаяды деп айтуға негіз жоқ. 

Мамандар: «дабыл қағуға әлі ерте», - дейді. Дегенмен өзен суының азаюы Каспий теңізіне тікелей әсер етеді. Өйткені оған құятын судың 85 пайызы осы Еділдің үлесінде. 

Михаил Болгов, су тасқыны және су ресурстарын пайдалану жөніндегі маман:

- Кейінгі 100 жылда Каспий теңізі деңгейінің 3-4 ауытқу циклі байқалып отыр. Алайда оны алдын ала болжау қиын. Ғылымда «теңіз тыныс алады» деген термин бар. Мысалы өткен ғасырдың 30-жылдары теңіз суы көп төмендеген кезең болды. Ал 70-жылдары керісінше, суы молайды. 

Мамандардың айтуына қарағанда, климатологияда 20-30 жылдық нормалар қолданылады. Сондықтан су режиміндегі өзгерістерді тұрақты түрде бақылау қажет. Өйткені гидрометеорологиялық модельдер су деңгейіне ұзақ мерзімді болжам жасауға мүмкіндік бермейді.  

Авторлары: Фариза Жанғанаева, Наргиз Рахимжан

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью