Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: Ақорда
Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер Байқал Байәділ 1986 жылдан бері осы салада үздіксіз қызмет етіп келеді. Тәжірибелі маман кезінде Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінде аудармашы, аға тілші, мәдениет бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын абыроймен атқарған.
Президент БАҚ қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
1994 жылы теледидар саласына қызметке ауысып, әуелі шолушы, одан әрі 2002-2004 жылдар аралығында Ақмола облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары, 2004-2008 жылдар аралығында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының директоры болды.
2009-2018 жылдар аралығында облыстық «Арқа ажары» газеті бас редакторының орынбасары болып қызмет етті. 2018 жылдан бері «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі ретінде өңірдің өзекті мәселелерін батыл көтеріп келеді.
Президент: Журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры
Байқал Байәділ төртінші, бесінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты болып сайланып, аймақтың әлеуметтік-қоғамдық дамуына белсене атсалысты. Ол халқымыздың салт-дәстүрі, мәдени мұрасы жөнінде көптеген өзекті мәселелерді қаламына арқау етті.
Жазғандарын жұртшылық сүйсініп оқитын қарымды журналист бірнеше мәрте Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен, Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.