24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Республика күні - бірлік пен тәуелсіздік нышаны. 1990 жылы 25 қазанда тәуелсіздік алып, дербес мемлекет ретінде қалыптасуға алғашқы қадам жасалды. Бұл күні ел аумағында мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. «Ұлттық мереке - ел тарихындағы елеулі күннің мәнін терең сезінуге, тәуелсіздік құндылығын ұғынуға жол ашады. Әрі ел бірлігін бекемдепұлттық , патриоттық сезімді нығайтады», - дейді елорда тұрғындары.