Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл

21.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Астанада «SARAP» эксперттік клубының отырысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдум қарсаңында ғылыми-технологиялық егемендіктің мемлекеттің дербестігі мен бәсекеге қабілеттілігін нығайтудағы рөлі талқыланды. Негізгі назар ғылыми тәсілдерді қайта зерделеуге, ғылымды басқару жүйесін жетілдіруге, қаржыландыру тетіктерін жаңғыртуға және жас зерттеушілерді қолдауға аударылды, деп жазады Egemen.kz

Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды. Отырысқа ғылыми қауымдастық, зерттеу ұйымдары және жас ғалымдар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

«Ғылыми-технологиялық егемендік – бүгінде дамудың стратегиялық бағыты ғана емес, мемлекеттілікті конституциялық тұрғыда нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі. Елдің бәсекеге қабілеттілігі мен ұзақ мерзімді, орнықты дамуы ғылым, білім және өнеркәсіп салаларында қабылданатын институционалдық шешімдердің сапасына тікелей байланысты», деді Қазақстан қоғамдық даму институты Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасым.

Отандық тарихтың жекелеген аспектілері жөнінде қалыптасқан түсініктерді қайта қарау қажет. Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитов осылай дейді. Сондай-ақ ол баламалы дереккөздер мен шетелдік зерттеулерді тарту арқылы историографиялық базаны кеңейтудің маңызына тоқталды. Ғылыми сараптамадағы субъективтілік мәселесін де көтеріп, адами фактордың ықпалын азайту мақсатында жобаларды іріктеу мен бағалаудың автоматтандырылған алгоритмін енгізуді ұсынды.

Ал Еуразиялық халықаралық зерттеулер қауымдастығының төрағасы Светлана Кожирова Қазақстан ғылымының стратегиялық әлеуетіне тоқталды. Ол өз баяндамасында Қазақстан туралы шетелдік ғылыми жарияланымдарға шолу жасап, онда еліміздің ядролық ғылым, стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалар (критикалық минералдар), аграрлық зерттеулер және цифрлық шешімдерді дамыту салаларындағы берік әрі бәсекеге қабілетті позициясы кеңінен атап өтілетінін жеткізді.

«Young Researchers Alliance» ҚБ төрағасы Әсия Ермұхамбетова ғылыми қызметтің кадрлық өлшеміне ерекше назар аударды. Ол зерттеулердің ұзақ мерзімді сипатының маңызын атап өтіп, көп жағдайда жобалар кемінде 3 жылға есептелетінін айтты.

«Осыған байланысты зерттеу ұжымдарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы реттеуші және конкурстық тетіктерді қайта қарау қажет. Сондай-ақ жас ғалымдардың мансаптық траекториясының айқын болмауы мен еңбек жағдайларының тұрақсыздығы мәселесі қозғалды. Сарапшы «бұл факторлар 30 жасқа дейінгі мамандардың ғылым саласына келу қарқынын едәуір тежеп отыр», деді ол.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Жас ғалымдар клубының төрағасы Эльмира Отар ғылымды басқарудың нормативтік архитектурасы қалыптасқанымен, практикалық тиімділігі рәсімдік және ұйымдастырушылық олқылықтарға байланысты шектеулі болып отырғанын айтты.

Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының докторанттары да ғылым саласын дамытуға қатысты бірқатар ұсынысын ортаға салып, оның конституциялық мәртебесін нығайтудың маңызын атап өтті. Ұсыныстар қатарында сараптама рәсімдерін автоматтандыру, ғылыми нәтижелерді бағалау критерийлерін зерттеу бағыттарына қарай саралау, сондай-ақ зерттеушілер үшін кәсіби дамудың ашық әрі түсінікті модельдерін қалыптастыру шаралары айтылды.

Пікірталас аяғында қатысушылар ғылыми-гуманитарлық және ғылыми-технологиялық егемендікті нығайту кешенді тәсілді талап етеді деген орамға келді.

Соңғы жаңалықтар

Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты

Ата заң • Бүгін, 17:18

Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды

Ата заң • Бүгін, 17:01

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті

Олимпиада • Бүгін, 16:48

Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор

Ата заң • Бүгін, 16:30

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция еліміз қайда бара жатыр және Қазақстан болашақта қандай болады деген сұраққа жауап береді

Ата заң • Бүгін, 16:02

Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Спорт • Бүгін, 15:55

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • Бүгін, 15:35

Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президент • Бүгін, 15:10

Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 14:42

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Ата заң • Бүгін, 14:28

Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады

Аймақтар • Бүгін, 13:39

Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 13:20

Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры жанып жатыр

Оқиға • Бүгін, 13:00

Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды

Қоғам • Бүгін, 12:42

Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді

Әлем • Бүгін, 12:15

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью