Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс егер Иран Ормуз бұғазын ашпаса, бұл АҚШ-пен келіссөздер барысын түбегейлі өзгертетінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз әлі толық ашылғанын көрген жоқпыз, сондықтан ирандықтар Ормуз бұғазын ашуға қарай жылжуды жалғастырады деп күтеміз. Егер бұлай болмаса, бұл біздің олармен келіссөздеріміздің сипатын түбегейлі өзгертеді", - деді Вэнс.
Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздер 11 сәуірде Исламабадта басталды. Бұған дейін, 8 сәуір түні Дональд Трамп Тегеранмен екі апталық атысты тоқтату туралы келісімге келгенін жариялады.
12 сәуір таңертең АҚШ делегациясын басқарған Вэнс тараптар келісімге келе алмағанын мәлімдеді.
Трамп Иран порттарына кіретін және шығатын барлық кемеге қатысты әскери-теңіз блокадасы басталғанын жариялады.