7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
1.
ДЕРЕУ БАНККЕ НЕМЕСЕ МҚҰ-ға (КРЕДИТОРҒА) ХАБАРЛАҢЫЗ
Кредиторға хабарласыңыз немесе жазыңыз және мыналар жөнінде:
картаны, шотты және қосымшаға қолжетімділікті бұғаттауды;
сіздің жолданымыңыздың күні мен уақытын көрсетіп, тіркеуді талап етіңіз.
Жазбаша жолданым бойынша - оны тіркеу туралы растауды сұратыңыз
Бұл кредитормен және мемлекеттік органдармен одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін қажет.
2.
БАРЛЫҚ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ САҚТАҢЫЗ
Барлық ақпаратты дереу тіркеңіз - бұл полицияға жүгіну және сіздің құқықтарыңызды қорғау үшін қажет. Мыналарды:
– сөйлесулер мен дауыстық хабарламалардың жазбаларын (бар болса);
- СМС және растау кодтарын;
- қоңыраулар мен хат алмасулар (мессенджерлерді қоса алғанда);
- кредиторды хабардар етуді;
- шоттар бойынша үзінді-көшірмелер мен алушылардың деректемелерін сақтап қойыңыз.
Деректерді өзгертпей скриншоттар мен көшірмелерді пайдаланыңыз.
3.
ПОЛИЦИЯҒА ЖҮГІНІҢІЗ
eGov, e-Otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық органға жеке өтініш беріңіз. Өтініш міндетті тіркелуге тиіс, содан кейін сотқа дейінгі тергеу басталады.Өтініште мыналар көрсетіледі:
кредиттің күні мен сомасы, кредитордың атауы;
ресімдеу мән-жайлары;
алаяқтыққа қатысы бар адамдардың белгілі байланыстары;
қолда бар материалдар (скриншоттар, үзінді-көшірмелер, хат жазысулар және т.б.).
СДТБТ-де тіркелген сәттен бастап ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалады
4.
ПОЛИЦИЯҒА ЖҮГІНУ НЕ БЕРЕДІ?
Негізгі кезең – жәбірленуші деп тану туралы қаулыны не полицияның ұсынысын алу. Полиция кредитті ресімдеу мән-жайларын белгілейді, дербес деректерді пайдалану фактілерін тексереді және қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдайды.
Алынған қаулымен кредиторға хабарласу қажет.
Маңызды: құжатта кредит сомасы, рәсімделген күні және кредитордың атауы көрсетілуі керек
Көрсетілген құжаттың негізінде кредитор күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей берешекті өндіріп алуды және кредит бойынша талап-арыз жұмысын тоқтатады.
Қажет болған жағдайда кредитор мән- жайларды тексеру үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы
Егер кредит коллекторларға берілсе - оларға қылмыстық іс пен іс жүргізу құжатының бар екендігі туралы хабарлаңыз.
Кредитордың немесе коллектордың әрекетсіздігі жағдайында тексеру жүргізу және қадағалап ден қою шараларын қабылдау үшін е-Otinish арқылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) хабарласыңыз.
Полиция қызметкерлерінің әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда сіз аумақтық органның басшылығына жүгінуге, e-Otinish порталы арқылы шағым беруге не прокуратура органдарына жүгінуге құқылысыз.
5
АЛАЯҚТЫҚ КРЕДИТТІ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУҒА БОЛА МА?
Түсіну маңызды: алаяқтық фактісі қарызды автоматты түрде есептен шығаруды білдірмейді.
Есептен шығару, егер бір уақытта:
- алаяқтық фактісі;
- кредит беру кезінде кредитор тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда ғана мүмкін болады.
Жағдайға байланысты соттан тыс есептен шығару (көрінеу бұзушылықтар кезінде) немесе сот тәртібі қолданылады.