Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
— Германияда өндірілген HiPP балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталғаны туралы БАҚ-тағы жарияланымдарға байланысты комитет мынаны хабарлайды: аталған заң бұзу туралы ақпарат Еуропалық одақтың құзыретті органдарынан Азық-түлік пен жемшөптің сапасы бойынша жедел хабарлау жүйесі (RASFF), сондай-ақ ДДСҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық органдар желісі (INFOSAN) арқылы келіп түскен жоқ.
Аталған өнім Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің Бірыңғай тізілімінде тіркелмеген, осыған байланысты оны Қазақстан аумағында және ЕАЭО-ның басқа елдерінде сатуға рұқсат етілмейді, — делінген хабарламада.
Комитет тарапынан өнімнің ықтимал сатылуын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
— Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша аталған өнім елдің сауда орындарында анықталған жоқ.
Өнім сатылымда анықталған жағдайда азаматтардан жедел шаралар қабылдау үшін Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне хабарласуды сұраймыз, — делінген хабарламада.
Айта кетелік Австрияда Hipp балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылғаны туралы жазған едік.