Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі 21 табиғи монополия субъектісіне жалпы сомасы 17,8 млн теңге айыппұл салынғанын хабарлады.
Қазіргі таңда осы соманың 14,8 млн теңгесі өндіріп алынды. Қалған айыппұлдар бойынша материалдар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жолданды.
"Сонымен қатар 11 субъектіге қатысты заңнама талаптарына сәйкес тарифтерді бекітуге өтінімдерді ұсынуға міндеттеу туралы 12 талап арыз берілді. Оның ішінде 6 іс бойынша сот министрліктің пайдасына шешім шығарды, қалған 6 талап-арыз қаралып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік табиғи монополия субъектілеріне барлық нормативтік талапты орындату бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табатынын атап өтті.