Египет Жаңа Зеландия қақпасына үш гол соғып, үш ұпай еншіледі

22.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: championat.com

Канаданың Ванкувер қаласындағы «BC Place» стадионында өткен кездесудің алғашқы таймында Жаңа Зеландия есеп ашты. 31-минутта Финн Сурман мергендік танытып көзге түсті. 

Матчтың екінші жартысында мысырлықтар ойын тізгінін өз қолына алды. 59-минутта Мостафа Зико таразы басын теңестірсе, 67-минутта Мұхамед Салах Мысырды алға шығарды. Ал 82-минутта Трезеге Салахтың нәтижелі пасынан кейін матчтың нүктесін қойды.

Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты белгілі болды

Осылайша мысырлықтар G тобындағы маңызды жеңіске қол жеткізіп, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін еселей түсті.

Еске салайық, бұған дейін Египет Бельгиямен ойнап, тең түскен болатын. Ал H тобында Испания Сауд Арабиясын 4:0 есебімен жеңді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью