eGov та жәрдемақыдан бас тарту қызметі іске қосылады

16.10.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. eGov пен eGov Mobile қосымшасында жәрдемақыдан бас тарту қызметі іске қосылады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін-ертең отбасының жәрдемақыға мұқтаждығын анықтайтын калькулятор министрлік ресми сайтында және eGov-та қолжетімді болады.

"Келесі аптада жәрдемақыдан өз еркімен бас тарту сервисі іске қосылады. Одан кейін eGov-та отбасының төлқұжаты орналастырылады", - деді Жазықбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев өз отбасының әл-ауқат деңгейін калькулятор арқылы тексеріп көрді. Есептеу нәтижесінде министрдің отбасы "В" тобына жатқызылды. Алайда министр 2022 жылдан бері жәрдемақы алмайтынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью