Эйфман қойылымы Астанада

03.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

«Астана Опера» сахнасында сәуірдің алғашқы күндері өнер мерекесіне айналған айтулы гастроль өтті. Борис Эйфман жетекшілік ететін Санкт-Петербург академиялық балет театры елорда көрерменін терең философиялық мазмұнға құрылған қос бірдей қойылымымен тәнті етті.

Гастроль шымылдығы «Қызыл Жизель» балетімен түрілді. 2025 жылы жаңаша тыныспен қайта сахналанған туынды – сахна өнерінің символына айналған Ольга Спесивцева тағдырына арналған әсерлі арнау болды. Хореограф кейіпкер өмірінің қасіретті белестерін – революция дауылы, жат жердегі жалғыздық, жан күйзелісі мен ақыл-сананың күйреуін сөзсіз-ақ, тек қимылдың құдіретімен сөйлетті. Әрбір пластикалық шешім мен бейнелі қозғалыс көрерменді адам жанының ең терең қатпарларына жетелеп, өнер мен өмірдің шекарасы жойылатын сәттерді айқын сездірді.

Ал «Күнәнің ар жағында» балеті кештің рухани шарықтау шегіне айналды. Фёдор Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романы негізінде қойылған бұл туынды адам болмысының мәңгілік қайшылықтарын бейнеледі. Сенім мен күмән, ізгілік пен азғындық, құдай мен шайтан тартысы – барлығы да сахна тілінде ерекше пластикалық өрнекпен өрілді. Эйфман көрерменді сыртқы оқиғадан гөрі ішкі әлемге үңілуге шақырып, әркімді өз жанының айнасымен бетпе-бет қалдырды.

Бұл гастроль тек спектакльдер легі ғана емес, Эйфман театрының көп­жылдық шығармашылық ізденісінің айқын көрінісі болды. Бұған дейін де астаналықтар «Роден», «Евгений Онегин», «Анна Каренина», «Пигмалион әсері» сынды қойылымдар арқылы хореографтың қайталанбас қолтаңбасына куә болған еді. Сондай-ақ Қазақстан балет өнерінің жарық жұлдызы, «Астана Операның» жетекші солисі Әйгерім Бекетаева Эйфман труппасымен бірге әлем сахналарында өнер көрсетіп, ұлттық өнердің абыройын асқақтатып келгені бекзат өнер жанкүйерлеріне жақсы таныс.

Театр директоры Александр Совостьянов бұл гастрольдің маңызын ай­рықша атап өтті. Оның айтуынша, петер­борлық ұжымның өнері балеттің тек эстетикалық ләззат сыйлайтын жанр ғана емес, адам жанының ең нәзік иірімдерін ашатын терең философиялық құбылыс екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар

Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Елорда • Кеше

Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады

Экономика • Кеше

Қазақстанда ауа райы 5 градусқа дейін суытады

Ауа райы • Кеше

Жоғарғы Сот төрағасы: Конституциядағы жаңа норма жылжымайтын мүлік иелерінің құқықтарын қорғауға бағытталған

Ата заң • Кеше

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді

«Таза Қазақстан» • Кеше

Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді

Елорда • Кеше

Қазақстанда еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру ұсынылды

Қоғам • Кеше

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Испаниядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады

Спорт • Кеше

Әлеуметтік желідегі жасырын қауіп: Деструктивті топтардың құрығына түспеудің жолы қандай?

Қоғам • Кеше

Нысана көздеуден Әлем кубогі: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Спорт • Кеше

Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді

Заң • Кеше

Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді

Мектеп • Кеше

Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады

Инфрақұрылым • Кеше

Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды

Қоғам • Кеше

SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью