Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 12 сәуір - Sputnik. Өскеменде ер адам көлікті айдап әкетіп, жол апатына түсті, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.
35 жастағы ер адам Honda Inspire автокөлігін айдап әкеткен. Ол Малдыбаев көшесімен Аблакетка ауданынан қалаға қарай келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал Mercedes-Benz автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - дейді полиция.
© Photo : Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Семейде жол апаты салдарынан екі адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Семейде жол апаты салдарынан екі адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
© Photo : Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.