Екі адамның өліміне себеп болған апат: Гүлайым Рахмоноваға сотталып кетті

27.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты істі қарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот материалдарына сәйкес, азаматша Р. жол қозғалысы қағидаларын бұзып, абайсызда екі адамның қаза болуына себеп болған (ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі).

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да дәлелдермен расталды.

Прокурор соттан сотталушыны 5 жылға бас бостандығынан айырып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыруды, сондай-ақ жазаны өтеуді 5 жылға кейінге қалдыруды сұрады.

Ал жәбірленуші тараптар — марқұмдардың туыстары — сотталушыны кешіріп, оған бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды өтінді. Азаматтық талап-арыз берілмеді. Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Сот үкім шығару кезінде сотталушының 2 жастан 9 жасқа дейінгі төрт баласы бар екенін және жазаны ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.

Сот үкімімен азаматша Р. кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. ҚР ҚК 74-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жаза өтеу 5 жылға кейінге қалдырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 27 шілдеде таңғы сағат 08:30 шамасында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Алматы–Екатеринбург» тасжолында болған. «Toyota Land Cruiser» көлігін басқарған жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Көлік аударылып, салдарынан екі жолаушы — жүргізушінің досы мен әпкесі алған жарақаттарынан көз жұмды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью