Екі алтын: Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатында бес медальға ие болды

15.01.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Отандастарымыз турнир аясында 5 медальға ие болды. Оның ішінде: 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.

Әйелдер арасындағы "скит" сайысында Адель Садақбаева үздік атанды. Сонымен қатар дәл осы сайыс түрінен Ольга Хайлова үшінші орын алды.

Одан бөлек, "скит" дисциплинасында әйелдер құрамасы командалық сайыста алтыннан алқа тақты. Құрама сапында Адель Садақбаева, Ольга Хайлова, Әсем Орынбай ел намысын қорғады.

Ерлер арасындағы бәсекеде Эдуард Ещенко күміске медальға қол жеткізді. Ол "скит" сайысында топ жарды. Сонымен қатар дәл осы сайыс түрінен ерлер құрамасы командалық сайыста қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Ратмир Еникеев, Эдуард Ещенко, Илья Пеньков өнер көрсетті.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью