Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе жекке шақырды

26.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кубалық боксшы Fight Hype Youtube арнасына берген сұхбатында жоғары деңгейлі жекпе-жектерге дайын екенін мәлімдеді.

Йоэнлис Эрнандес алдағы жекпе-жектерде WBA әлем чемпионы Эрисланди Лара, WBC әлем чемпионы Карлос Адамес немесе WBO әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы сияқты қарсыластарының болуы мүмкін екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол IBF чемпионымен жұдырықтасуды да жоспарлайтынын айтты.

- Егер бізге мүмкіндік берілсе, біз Әлімханұлын қоса алғанда, кез келген чемпионмен жекпе-жекке шығуға дайынбыз,- дейді спортшы.

Айта кетерлігі, Йоэнлис Эрнандес кәсіпқой рингке 2022 жылы келіп, 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Спортшы Куба құрамасы сапында 2021 жылы және 2023 жылғы әлем чемпиноны атанған.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы әлем чемпионы титулын алып тастау туралы қатаң шешім қабылдады.

Еске салайық, WBO ұйымы Әлімханұлының әлем чемпионы титулын сақтап қалды, бірақ оны бір жылға дисквалификациялады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью