Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бастаған қазақстандық делегация Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Әзербайжанның Сот-құқықтық кеңесінің төрағасы Инам Керимовпен кездесті.
Кездесуде судьяларды іріктеу және даярлау жүйесін жетілдіру, кәсіби даму мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі мен Әзербайжан Республикасының Сот-құқықтық кеңесі арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат судьялар корпусын қалыптастыру жүйесін жетілдіруге және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Кездесу соңында тараптар сот жүйесіндегі әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.