Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
1803 жылы Лондонда жарық көрген «Ресей империясының киім мәдениеті» атты кітапты В.Миллер бастаған авторлар әзірлеген. Бұл – сол кезде империя құрамында өмір сүрген әртүрлі халықтардың киім-кешек мәдениетін Батыс әлеміне таныстыруды мақсат еткен құнды еңбек.
Осында қазақ халқы туралы:
«Бұл халықтың жүріс-тұрысында, мәдениетінде де өзгешелік бар деп айтылып келеді. Бұны олардың әйелдеріне қарата айтуға болады. Қазақ әйелдері ақылмен ел басқару ісіне де араласа алады. Сонымен қатар олар күйеулері жортуылдан оралғанда барымтаға әкелген күңдерге де аса жанашырлық танытады. Қазақ әйелдері отбасында ер адамнан қоқан-лоқы көрсе, төркініне кетіп қалуға бейім тұрады. Олардың күнделікті жұмысы ретінде мал бағу, тері илеу, жүннен киім тігу секілді шаруаларды айта аламыз. Қазақ халқының дастарқаны мол. Олар үшін еттің майы мен сары майды жұта салу қиынға соқпайды. Барлық басқа татарлар сияқты, бұл халық та насыбайға тым әуес, сонымен қатар оның ұнтақ түрін тұтынады. Өйткені ондай насыбай адамның басына тез әсер етеді» деген дерек жазылған.
Соңғы жаңалықтар
Digital • Бүгін, 09:50
Әскер • Бүгін, 09:45
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Технология • Бүгін, 09:35
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30
Түйе сүтінен – балмұздақ пен йогурт
Экономика • Бүгін, 09:25
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20
Өндіріс • Бүгін, 09:15
Әлеуметтік қамсыздандыру: мақсат пен меже
Қоғам • Бүгін, 09:10
Тікелей сұхбаттастықтың пайдасы
Саясат • Бүгін, 09:05
Бірпалаталы жаңа Парламенттің атауы қарастырылды
Саясат • Бүгін, 09:00
Медицина жүйесін цифрландыру жайы талқыланды
Медицина • Бүгін, 08:58
Айбын • Бүгін, 08:55
Шетел жұмысшылары қай салада көп?
Қоғам • Бүгін, 08:50
Аймақтар • Бүгін, 08:45