Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Apple iOS 27 жүйесі үшін бір телефон нөмірін бірден екі iPhone-да қолдануға мүмкіндік беретін iPhone Handoff функциясын әзірлеп жатыр. Смартфондар арасында ауысу SIM-картаны ауыстырмай-ақ жүзеге асады, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі MacRumors мәліметіне сілтеме жасап.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Жаңа функцияның жұмысын MacRumors форумының қатысушысы көрсетті. Ол Xcode 27 ішіндегі Device Hub-та екі виртуалды iPhone-ды іске қосып, олардың арасында мобильді байланыстың қалай тасымалданатынын көрсетті.
iPhone Handoff функциясын iPhone баптауларындағы "Ұялы байланыс" бөлімінде реттеуге болады. Қосылу кезінде пайдаланушы негізгі және қосымша смартфондарды таңдай алады.
Негізгі eSIM бірінші iPhone-да қалады, ал екіншісінде қосымша eSIM қолданылады. Бұл ретте екі құрылғы да бір нөмірмен жұмыс істейді.
Яғни, қоңыраулар мен нөмірге қатысты басқа да функцияларды сол сәтте қажет болып тұрған iPhone-да қолдануға болады. Ол үшін SIM-картаны ауыстырып салудың қажеті болмайды.
Мобильді байланысты басқару мүмкіндігі негізгі құрылғыда қалады. Ал орналасқан жері нөмір дәл қазір қолданылып жатқан iPhone арқылы анықталады.
Жұмыс істеуі үшін не қажет?Apple iOS 27 жүйесіне “iPhone Handoff” функциясын қосуда.
- Shishir (@ShishirShelke1) 2026 жылғы 3 қыркүйек
Ол бір телефон нөмірін ЕКІ iPhone-да қолдануға және олардың арасында кедергісіз ауысуға мүмкіндік береді.
- Негізгі iPhone-да басты eSIM сақталады
- Екінші iPhone қосымша eSIM алады
- Екі iPhone-да да бір нөмір болады
- Кез келген уақытта ауысыңыз… pic.twitter.com/wCn7c5BCji
iPhone Handoff жұмысы үшін iOS 27 орнатылған екі iPhone және осы жаңа функцияны қолдайтын оператор қажет болады.
Мұндай мүмкіндікті алғашқылардың бірі болып АҚШ-тағы T-Mobile және Германиядағы Deutsche Telekom ұсынуы мүмкін. Басқа елдердің операторларында бұл қызметтің іске қосылу-қосылмауы әзірге белгісіз.
iPhone Handoff кімге пайдалы?Жаңа функция екі iPhone-ды (мысалы, жеке және жұмыс телефонын) қатар ұстайтындар үшін ыңғайлы болмақ.
Бір смартфонды үйде қалдырып немесе қуаттауға қойып, екіншісімен өз нөміріңізді пайдалана беруге болады. Сондай-ақ, бұл функция негізгі телефонын жиі ауыстыратындар немесе екінші iPhone-ды қосалқы құрылғы ретінде ұстайтындар үшін де тиімді.
Басты артықшылығы - әр кез сайын SIM-картаны ауыстырып салудың немесе бөлек екінші нөмір қосудың қажеті жоқ.
Жаңа функция қашан шығады?Бірнеше айлық бета-тестілеуден кейін iOS 27 нұсқасының соңғы нұсқасы қыркүйектің аяғында шығады деп күтіледі. Сол кезде iPhone Handoff функциясын қай операторлар қолдайтыны және оның қай елдерде қолжетімді болатыны анықталады.
Қазақстандық операторларда мұндай мүмкіндіктің болатын-болмайтынын әзірге белгісіз.
Тағы оқыңыз: Apple бұрын-соңды болмаған iPhone дайындап жатыр: алғашқы пікірлер пайда болды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу