Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
«КазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарының төмендегі учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс жабық:
Ақмола облысы:
- Жібек Жолы төлем қабылдау пункті – Қарағанды облысының шекарасы;
Қарағанды облысы:
- Ақмола облысының шекарасы – Теміртау төлем қабылдау пункті.
Жолды 16 сәуір күні сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Осы ретте еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді!
дауыл туралы ескертулерді қадағалау; жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру; алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту.Еске сала кетсек, Қазгидромет 16 сәуірде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктер кей өңірлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауатынын ескертті.