Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
2026 жылғы 3 наурыз сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
Ақтөбе облысы:
- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 89-234 шақырым аралығы (Т.Жүргенов ауылы – Қостанай облысының шекарасы).
Қостанай облысы:
- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-501 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Рудный қаласы ).
Жолды 2026 жылғы 04 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған едік.