Екі облыстағы 2,4 мың шақырымнан астам автожолға тексеру жүргізіледі

28.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. 2,4 мың шақырымнан астам автомобиль жолы халықаралық қауіпсіздік стандарттары бойынша тексеріледі, деп хабарлады Көлік министрлігі.

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жол инфрақұрылымын бағалаудың заманауи халықаралық тәсілдерін қолдана отырып, автомобиль жолдарының қауіпсіздігіне аудит пен инспекция жүргізу жөніндегі ауқымды жоба басталды.

"Жоба аясында жалпы ұзындығы 2 414 шақырым автомобиль жолы қамтылады. Оның ішінде 1 384 шақырымы Батыс Қазақстан облысында, ал 1 030 шақырымы Маңғыстау облысында орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Жобаның негізгі мақсаты – инженерлік ерекшеліктеріне байланысты жолқозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша қосымша шараларды қажет етуі мүмкін жол учаскелерін анықтау.

Дәстүрлі тексерулерден айырмашылығы, жол қауіпсіздігі аудиті жол инфрақұрылымын жан-жақты бағалауды көздейді. Жұмыстарды жүргізу барысында ҚазжолҒЗИ жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін басқару саласындағы халықаралық тәжірибені қолданады.

Тексеру қорытындысы бойынша қосымша шараларды қажет ететін әрбір жол учаскесі үшінжол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған инженерлік ұсынымдар әзірленеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью