Екі ойында 11 гол соғылды

20.06.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл топтағы екінші тур­дағы алғашқы кез­десу Чехия мен Оң­түстік Африка Республикасы құра­ма­лары арасында өтті. АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мер­се­дес-Бенц Стэдиум» стадио­нын­да өткен тартысты ойын тең есеп­пен аяқталды. Матч­­тың 6-ми­нутында қапталдан ө­р­­бі­ген шабуылды нәтижелі аяқ­­­та­ған чехиялық жартылай қор­­­ғау­­­шы Михал Садилек есеп ашты.

Оңтүстік Африка Респуб­ликасы футболшылары қор­ға­ныста ғана емес, шабуылда да бел­­сенділік танытып, еуро­­па­­лық­тарды айтарлықтай қы­сым­ға алды. Нәтижесінде, 83-ми­нут­та Тори Пенсо пенальтиден есеп­ті теңестіріп, командасын жеңі­ліс­тен құтқарып қалды. Қос құ­рама да әзірге 1 ұпайдан енші­леп отыр. Бұған дейін Чехия Оңтүс­тік Кореядан (1:2) ұтылса, ОАР Мек­сикадан (0:2) жеңілген болатын.

«А» тобында Мексика құра­масы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, 6 ұпай­мен көш бас­тады. Сапопан қала­сындағы «Акрон» стадионында өткен кездесуде мексикалықтар Оңтүстік Кореяны минималды есеппен ұтты. Матчтағы жалғыз голды 50-минутта Луис Ромо соқты.

Екінші турдағы ең нәтижелі ойындардың бірі «В» тобында өтті. АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионына 70 мың­нан астам жанкүйер жиналып, тартысты матчтың куәсі болды. Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді.

Есепті 74-минутта Йохан Манзамби ашты. 80-минутта босниялық қорғаушы Тарик Мухаремовичтің алаңнан қуы­луы қонақтар құрамасының ойынына кері әсер етті. Сан басымдылығын пайдаланған Швейцария шабуыл­шылары қысымды үдете түсті. 84-минутта Рубен Варгас есепті еселесе, 90-минутта Манзамби дубль авторы атанды.

Негізгі уақытқа қо­сыл­ған минуттарда да ойын қарқыны бәсеңдеген жоқ. Босниялық жартылай қор­ғаушы Эрмин Махмич есеп айырмасын қысқарт­қаны­мен, 90+7-минутта Гранит Джака пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Матчты португалиялық Жоау Педру басқарды.

Бұл топтағы екінші ойында Канада мен Қатар құрамалары кездесті. Ванкувердегі «Би-Си Плэйс» стадионында өткен матч­та 6 гол соғылып, екі ойыншы алаңнан қуылды.

Кездесуді канадалық Кайл Ларин 16-минутта ашты. Артын­ша Джонатан Дэвид 29, 45+3 және 90+2-минуттарда хет-трик жасап, матчтың басты қаһарманына ай­­­налды. Натан Дилан-Салиба 64-минутта есепті ұлғайтты. Ал Қа­­тар құрамасының жарты­лай қор­­­­­ғаушысы Мохаммед Әл Ман­най 75-минутта автогол соғып алды.

Қазіргі турнир кестесінде Канада құрамасы 4 ұпаймен көш бастап тұр. Швейцария да 4 ұпай жинаған. Ал Босния және Герцеговина мен Қатар құрамалары 1 ұпайдан еншілеп, 3-4 орындарды бөлісіп отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью