Екі өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді

04.11.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Сағат 20:30–да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылды.
Павлодар облысы: 
—  ҚХР-Майқапшағай-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы  427-587 шақ., (Кенжекөл ауылы — Абай облысы шекарасы); 
Абай облысы:
—  ҚХР-Майқапшағай-Қалбатау-Семей-Павлодар-РФ шекарасы  587-733 шақ., (Павлодар облысы шекарасы — Семей қаласы); 
ҚазАвтоЖол көлік қозғалысы 5 қараша күні сағат 07:30–да қайта жандануы мүмкін екенін хабарлады. 

Айта кетейік, ҚазАвтоЖол жауыннан кейінгі жол неге қауіпті болатынын ескертті. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью