Екі жыл бойы тікелей эфирде құмар ойын өткізгендер ұсталды

22.12.2025

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 22 желтоқсан - Sputnik. Шымкентте заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.

Күдіктілер екі жыл бойы "TauBrat" парақшасы арқылы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирлерде "Тринька" атты заңсыз құмар ойын өткізген.

"Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген "дроптарды" пайдаланып, ақшаны қолма-қол шығарған. Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігі мен тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған", - дейді агенттікте.

Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды.

Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью