Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Екібастұзда әйелдің бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Павлодар облысының полиция департаменті аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.