Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Екібастұзда ашық терезе алдында қалған баланы құтқару үшін 59 жастағы павлодарлық тұрғын көпқабатты үйдің екінші қабатына өрмелеп шықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Tengri Life.
Екібастұзда ашық терезе алдында қалған баланы құтқару үшін 59 жастағы павлодарлық тұрғын көпқабатты үйдің екінші қабатына өрмелеп шықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Tengri Life.
ВидеоОқиға Екібастұзда болған. Ер адам қалаға демалыс күндері үлкен ұлына қонаққа барған екен. Ол немересімен бірге ойын алаңында серуендеп жүріп, екінші қабаттағы ашық терезенің алдында отырған баланы байқап қалады. Бұл жағдайға бейжай қарай алмаған ол бірден көмекке ұмтылады.
"Бала терезе алдында ойыншықтарын сыртқа лақтырып ойнап отырды. Алдымен оған: "үйге кір" дедім, бірақ ол тыңдамады. Оның кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін екенін түсініп, дереу солай қарай жүгірдім", - дейді Тоқан Байділдин.
Ер адам бірінші қабаттағы терезенің темір торы арқылы екінші қабаттың балконына көтеріліп, бала отырған терезеге жеткен. Желіде тараған видеода оның балконның тар ернеуінде тұрып, ата-анасына баланы алып кетулерін айтып айқайлап жатқаны көрінеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
TengriNews | Қазақстан жаңалықтары (@tengrinewskz) жарияланымы
Кейін бала үйде анасымен болғаны, бірақ ол бір сәтте басқа нәрсеге алаңдап кеткені анықталды.
Ер адамның айтуынша, анасы есеңгіреп қалса керек, баланы бірден қолына алып, терезені жауып тастаған. Сондықтан құтқарушы ата пәтерге кіріп, есік арқылы төмен түсу үшін терезені қағуға мәжбүр болған.
Ата-анасына қандай шара қолданылады?"Мен үшін бастысы үлгеру болды, әр секунд санаулы еді, оның үстіне ол кішкентай бала ғой. Өзім де үш немеренің атасымын, сондықтан оны өз баламдай уайымдадым. Ал өз басымды ойлауға уақыт та болмады", - деді ол бізге берген сұхбатында.
Екібастұзда құтқарылған баланың ата-анасы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға шақырылады. Екібастұз әкімінің орынбасары Бибігүл Иманғалиеваның айтуынша, қарау нәтижесі бойынша оларға қатысты тиісті шаралар қабылданады.
Құтқарушы ата туралы не белгілі?Біз павлодарлық құтқарушы атаның туыстарымен байланыстық. Оның Павлодардағы кәсіпорындардың бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтінін білдік. Биыл ол 60 жасқа толады.
"Оның реакциясы өте жақсы, ол әрқашан жинақы әрі мұқият. Әр қадамын алдын ала есептейді, меніңше, дәл осы қасиеті оған тез шешім қабылдап, баланы құтқаруға көмектесті", - дейді ер адамның келіні Салтанат Байділдина.
Жастайынан павлодарлық тұрғын футбол, волейбол және тенниспен айналысқан. Қазір ұйықтар алдында тұрақты түрде серуендеп, спорттық қалыпты сақтап жүреді.
Былтыр 17 бала терезеден құлағанБала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова өз парақшасында 2025 жылғы статистиканы жариялады. Оның мәліметінше, көпқабатты үйлердің терезесінен 17 бала құлап, оның 4-еуі мерт болған.
"Ата-аналар, есіңізде болсын, әр баланың жолында осындай жанашыр жан кезіге бермейді", - деп пікір білдірді ол.
Тағы оқыңыз: "Айналайын…". Абай облысында жоғалған баланы құтқару сәті видеоға түсіп қалған
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу