Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Екібастұзда пациенттің мас күйде болған екі досы қалалық аурухананың қабылдау бөлімінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасады. Жарақат алған дәрігерлер ауруханаға жатқызылды, ал күдіктілерді полиция ұстады, деп хабарлайды TengriHealth.
Екібастұзда пациенттің мас күйде болған екі досы қалалық аурухананың қабылдау бөлімінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасады. Жарақат алған дәрігерлер ауруханаға жатқызылды, ал күдіктілерді полиция ұстады, деп хабарлайды TengriHealth.
Не болды?Редакцияға хабарласқан оқырманның айтуынша, 2026 жылғы 12 сәуірде Екібастұз қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне жақ сүйегі жарақаттанған ер адам жүгінген. Онымен бірге екі досы келген - үшеуі де (пациент пен оның достары) алкогольдік мас күйде болған.
Тексеру кезінде травматолог-дәрігер науқастың достарынан кабинеттен шығуды сұраған. Олардың бірі бас тартып, өзін агрессивті ұстап, былапыт сөйлеп, мамандардың жұмысына кедергі келтірген.
Бөлмеден шығу туралы талап қайта айтылғаннан кейін жанжал ушыға түскен. Ер адамдардың бірі қабылдау бөлімінің есігін итеріп қалғанда, ол дәрігердің басына тиген. Травматолог бұзақыларды сыртқа шығармақ болғанымен, олар қарсылық көрсеткен.
Полиция пікірі"Ер адамдар дәрігердің басы мен денесіне бірнеше рет соққы жасаған. Алған жарақаттары салдарынан дәрігер есінен танып қалды. Әріптесін арашаламақ болған медбике де шабуылдаушылардан жәбір көріп, дене жарақатын алды", - деді оқырман.
Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстады. Олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды, біреуі арнайы палатаға орналастырылып, полиция күзетіне алынды", - деп хабарлады өңірлік ПД өкілдері.
Полиция оқиғаның видеосын жариялады. Медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрлардан ер адамдардың бірі дәрігерді аяқтан шалып құлатып, аурухана табалдырығында соққыға жығып жатқанын көруге болады.
Зардап шеккен медицина қызметкерлері алған жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
Полиция өкілдері медицина қызметкерлері мен шұғыл қызмет мамандарына қатысты зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік принципін ұстанатындарын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Астанада медицина қызметкеріне шабуыл жасау дерегі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалған болатын. 3 сәуірде сағат 18:30 шамасында ер адам психикалық денсаулық орталығында емделушілерді қабылдап жатқан фельдшерге шабуыл жасаған.
2026 жылғы 7 наурызда Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану мен қорқыту әрекеттері үшін жазаны күшейту туралы Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Заң медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау оқиғалары жиілеп кеткеннен кейін қабылданды.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл: алғашқы іс сотқа жетті
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу