Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Екібастұзда құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметшілер анықталды, деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасы.
Лауазымды тұлғалар заңнамалық тыйымға қарамастан букмекерлік кеңселерде шот ашқан.
"Мысалы, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісінің жеке шоты бойынша айналым 6,8 млн теңгені құраған. Ұқсас заң бұзушылықты ауылдық округ әкімі, Тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары, сондай-ақ қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жеті қызметкері жасағаны анықталды", - дейді прокуратура.
Құқықбұзушылық фактісі жөніндегі материалдар Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің әдеп кеңесіне жолданды.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтауына бақылаудың әлсіз жүргізілуіне байланысты қала әкімі аппаратының жауапты басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.