Екібастұзда қатты бұршақтан кейін ТЖ режимі жарияланды

20.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Екібастұз әкімдігі кеше Павлодар облысында болған ірі бұршақтан кейін қалада төтенше жағдай режимін жариялады. Шешімнің тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта 2026 жылғы 19 шілдеде болған "гидрометеорологиялық құбылысқа" байланысты Екібастұзда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланғаны айтылған.

Төтенше жағдай режимін енгізу өткен демалыс күндері Павлодар облысында жауған ірі бұршақ салдарын жою үшін қажет.

Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Не болды?

19 шілдеде Павлодар облысында қатты жел тұрып, нөсер жауын мен ірі бұршақ жауды. Қолайсыз ауа райы салдарынан алты адам зардап шекті, оның ішінде үш жасөспірім бар, олардың барлығына медициналық көмек қажет болды.

Павлодарда табиғаттың тосын мінезі орталық жағалауға футболдан Әлем чемпионаты матчін тамашалауға жиналған жұртты әбігерге салды. Куәгерлердің айтуынша, басында сіркіреп жауған жаңбырдың соңы кенет қатты желге, найзағай мен ірі бұршаққа ұласып, адамдарға жедел пана іздеуге тура келген.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ТИПИЧНЫЙ ПАВЛОДАР (@ti.pavlo) жарияланымы

Өңір тұрғындары әлеуметтік желілерде қолайсыз ауа райы салдары бейнеленген фото мен видео жариялап жатыр. Екпінді жел ағаштарды сындырып, кей жерлерде электр жарығы өшкен. Саяжай иелері, әсіресе Қалқаман кентіндегі тұрғындар егін бүлінгенін хабарлады.

Павлодар облысы әкімдігі мәліметінше, қазіргі уақытта дүлей дауыл зардабы туралы ақпарат жинау, оларды жою және келтірілген шығынды бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Билік толық мәліметті кейін ұсынуға уәде берді.

Ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері – 21-23 шілде аралығында Қазақстанда күн салқындайды.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты көптеген өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Кей аудандарда нөсер жауын болжанады. Сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

Атап айтқанда, "Қазгидромет" мәліметінше, алдағы күндері Павлодар облысында күн бұлтты болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Ауа температурасы түнде 15-20 градус жылы, күндіз 24-30 градус нөлден жоғары болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью