Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
Фото: Павлодар облыстық ТЖД- Екібастұз қаласы Солнечный кентіндегі Шаңдақсор көлінде екі балықшы қауіпті жағдайға тап болды. Олардың резеңке қайығы мұз кесектерінің арасында қысылып қалған. Оған қоса борпылдақ мұз жағалауға шығатын жолды жауып тастаған. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері жедел жетті. Арнайы құрал-жабдықтарды қолдана отырып, құтқарушылар адамдарды су айдынының қауіпті учаскесінен эвакуациялады, - деп мәлімдеді департаменттен.
Балықшыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Мамандар сең жүріп жатқан уақытта су айдындарына шықпауды ескертеді.
Еске сала кетейік, ШҚО-да полицейлер жолда денсаулығы нашарлап, инсульт алған азаматты құтқарды.