Екібастұзда жасырын алкоголь өндіру цехы анықталды

13.03.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Тексеру барысында тұрғынның өз үйінде қолдан жасалған жабдықтар арқылы алкоголь өнімдерін дайындағаны анықталды.

"Үй-жайды тексеру кезінде ішінде белгісіз сұйықтық бар 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба, сондай-ақ виски, ликер және сыра секілді алкоголь өнімдерін қолдан жасап шығаруға арналған аппарат пен спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді. Өнімдерге белгілі брендтердің этикеткалары жапсырылғанымен, акциздік белгілері болмаған. Тәркіленген өнімдер сараптамаға жіберілді. Оның нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – деді Павлодар облысы Екібастұз қалалық полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Полиция алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру, сондай-ақ оны дайындауға арналған құрал-жабдықтарды сақтау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью