Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Екібастұз мемлекеттік аудандық электр станциясында 2030 жылға дейін екі жаңа энергия блок салынады.
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде жобаны талқылады.
"№3 және №4 энергия блоктардың құрылысы станцияның электр қуатын 2,1 ГВт-қа дейін арттырады", - деп хабарлады үкіметте.
№3 энергия блок 2028 жылдың қыркүйегінде, ал №4 блок 2030 жылдың қыркүйегінде іске қосылады деп жоспарланып отыр. Жалпы инвестиция көлемі 1,2 триллион теңгеден асты.
Премьер-министрге соынмен қатар МАЭС-3 құрылыс жобасы туралы ақпарат берілді. Жалпы қуаты 2,64 ГВт болатын жаңа көмірмен жұмыс істейтін электр қуатын өндіру қондырғысы таза көмір технологиясын қолдану арқылы салынып, кезең-кезеңімен пайдалануға берілетіні айтылды.