Екінші деңгейлі банктердегі несие кешіріледі елде жалған ақпарат тарады

11.01.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстанда банктік несиелердің кешірілетіні туралы жалған ақпарат тарап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде тараған екінші деңгейлі банктердегі несиелердің кешірілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

Ведомствоның ресми хабарламасында былай делінген:

"Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейлі банктердегі несиенің кешірілетіні туралы ақпарат шындыққа сай келмейді. Сенімсіз ақпаратқа сенбеуді, тек ресми дереккөздерді пайдалануды сұраймыз. Сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуді ұсынамыз. Еске саламыз, көрінеу жалған ақпарат тарату заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеледі", — делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар агенттік қазіргі уақытта Қазақстанда қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара әрекеттесудің бірыңғай тетігі бар екенін де еске салды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью