Екінші деңгейлі тұрғын үй ипотекасының ережелері неге өзгертілді Отбасы банктің түсіндірмесі

30.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Отбасы банк ипотекаға берілетін тұрғын үйлер тізімінің кеңеюін (60 жылға дейінгі "панельді" үйлер мен СИП-панельден салынған үйлер) несиелендіру көлемін арттыру мүмкіндігімен түсіндірді. Бұл баға мен сұранысқа қалай әсер етеді? Алматылықтар СИП-панельден салынған таунхаустарды ипотекаға рәсімдей ала ма? ӨКҚ-да өткен брифингте Отбасы банк Алматыдағы филиалының директоры Кәмшат Оңалбаева осы сұрақтарға жауап берді.

Поделиться

Қазақстандықтар 50 жылдан асқан "панельді" үйлердегі пәтерлерді кепілге қоя алады

Спикер бұл шешім банктің несие портфелін талдаудан кейін қабылданғанын атап өтті. Мониторинг нәтижесінде пайдалану мерзімі 60 жылға дейінгі нысандар кепілдік мүлік ретінде тиісті сипаттамаларын сақтайтыны анықталды. Сондай-ақ клиенттер сұранысы да ескерілген.

"Алматыдан ғана емес, өзге өңірлерден де тұрғындар тарапынан өтініштер өте көп болды. Клиенттер қолданыстағы баспанасын кепілге қойып, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жаңадан салынып жатқан нысандардан пәтер ала алуы үшін біз жас мөлшері шегін ұлғайттық", - деп түсіндірді Кәмшат Оңалбаева.

Отбасы банктегі өзгерістер жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер етеді?

Спикердің айтуынша, тұрғын үй бағасының өсуі күтілмейді. Ал жылжымайтын мүлік сатып алуға деген сұраныс, керісінше, артуы тиіс. Кәмшат Оңалбаева әлеуетті сатып алушылар қайталама нарықтағы үйді кепілге қойып, жаңа салынған нысандардан пәтер ала алатынын атап өтті.

"Сатып алушылар көбіне Алматыдағы панельді үйлерде орналасқан қолданыстағы мүлкін кепілге қойып, кейін өздеріне жаңа баспана сатып алуға ниетті. Баршамызға белгілі, қала аумағы кеңейіп келеді, Алматыда көптеген құрылыс салушы жұмыс көлемін арттырып жатыр. Қала тұрғындарының жаңа үйге көшуіне үлкен мүмкіндік бар. Осыған байланысты (сұраныстың - ред. еск.) артуы жоспарланып отыр", - деді спикер.

СИП-панельден салынған таунхаустардағы пәтерлерді кепілге қоюға және ипотекаға алуға бола ма?

Ипотекаға алуға болатын тұрғын үйлер тізіміне СИП-панельден салынған жеке үйлер де кіреді. Алматының өзінде бұл материалдан таунхаустар жиі салынады. Әдетте бұл - ішінде екі деңгейлі пәтерлері бар, екі иесіне арналған үйлер. Бұл ретте әрбір меншік иесінің шағын жер телімі болады.

Банк мұндай форматтағы нысандарды кепілдік қамтамасыз ету ретінде және несиелендірілетін жылжымайтын мүлік ретінде қарастыра ма?

"Бұл әсіресе үш-төрт адамнан көп мүшесі бар, іс жүзінде бір немесе екі бөлмелі пәтерлерге сыймайтын отбасылар үшін өте өзекті. Олар жер телімі бар таунхаус сатып алғысы келеді. Біз СИП-панельден салынған нұсқаларды қазірдің өзінде қарастырып жатырмыз", - деп нақтылады спикер.

Мұндай нысандар кепілдік пен ипотека талаптарына сай болуы үшін олардың мынадай сипаттары болуы шарт:

СИП-панельдерге сәйкестік сертификаты; суға төзімді материалдардан жасалған іргетас: темірбетон плиталар, қиыршық тас, бетон; ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары толық аяқталған болуы; барлық коммуникацияның болуы: су, жылу, кәріз, электр жарығы.

Тағы оқыңыз:

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті: бұның нарық пен сатып алушыларға әсері қандай?

Қазақстандықтарға ипотека бойынша 1,5 миллион теңгеге дейін өтелуі мүмкін: қалай өтінім беруге болады?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жылжымайтын мүлік Ипотека Отбасы банк пәтер тұрғын үй Кредит Несие

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью