Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ 2026 кестесі

18.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Екінші турдың алғашқы ойын күнінде турнирдің қос қожайыны бірден алаңға шығады. Мексикалықтар Оңтүстік Кореямен кездесуде жеңісті жолын жалғастыруға тырысады. Ал Канада Катарға қарсы өнер көрсетеді.

А тобындағы ұпай санын түгендеп алудың соңғы мүмкіндігін Чехия мен ОАР сарапқа салады. Сонымен қатар B тобында Швейцария - Босния және Герцеговина екінші ойындарын өткізеді. Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасында «Астана» сапында ойнап жүрген  босниялық Иван Башич, өз құрамасы атынан алаңға шығады.

18 маусым 

21:00 - Чехия - ОАР 23:50 - Швейцария - Босния және Герцеговина

19 маусым

03:00 - Канада - Катар 06:00 - Мексика - Оңтүстік Корея

Барлық ойындар тікелей эфирде Qazsport арнасынан көрсетіледі.
Швейцария - Босния және Герцеговина, сондай-ақ Канада мен Катар кездесулері Qazaqstan телеарнасының эфирінен ұсынылады.  

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью